Қадырғали Жаманбалин: Біздің ортақ мақсат  –  әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Қадырғали Жаманбалин Қоныспайұлының "ЦУМ" сауда орталығының келушілерімен экспромт-кездесуі өтті.
IMG-20201231-WA0016
   Кездесу барысында кандидат бутиктер иелерімен әңгімелесті, партия бағдарламасының негізгі тармақтары туралы айтып, 10 қаңтарда сайлауға шақырды.
⠀   -"Nur Otan" партиясы әркімнің лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуі үшін жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен тұрақты жұмыс орындарының санын арттыруға қол жеткізетін болады. Бұл үшін біздің партия еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларды қайта даярлау бағдарламаларын тиімді іске асыру,
басқа өңірлерден білікті кадрларды тартуға өз үлесін қосатын болады, – деді үміткер.
IMG-20201231-WA0017
   Азаматтардың  қай сайлау учаскесіне жататындығын анықтау міндетті шарт. Мұны kostanayelection.kz. сайтына өту арқылы жасауға болады. Сайтта өз ЖСН-ді енгізу арқылы сайлау учаскеңізді анықтай аласыз.
     -Бүгінде барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешу  және бастамаларды алға жылжытуды күтеді. «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, жұмыс орындарын сақтап және жаңадан жасауға біздің қаламызды қауіпсіз және жайлы қылу үшін  барлық күшті салатын болады. Біз оған қалай қол жеткізу керек екенін нақты білеміз, – дейді Қадырғали Жаманбалин.
   Сонымен қатар, Қостанай қалалық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясы осы кездесудің заңдылығын, сайлау заңнамасы талаптарының сақталуын, сондай-ақ осы кездесудің санитарлық нормаларының сақталуын тексерді. Қандай да бір бұзушылықтар анықталған жоқ.
"Nur Otan" партиясы Қостанай облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓