Бағдарламаны таныстырып, пікірін тыңдады
Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Игорь Алексеевич Бибин канвассинг форматында Гареевтер отбасымен кездесті.
– 2020 жыл бәріміз үшін үлкен сынақ жылы болды. Пандемия біздің өмірімізді, ұстанымдарымызды өзгертті, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті және мемлекетіміздің басты құндылығы – адамның өмірі мен денсаулығы екенін тағы да дәлелдеді, – деді кандидат.
Игорь Алексеевич азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, әркімнің таза суға, ауаға және сапалы жолдарға қол жеткізуіне ерекше назар аударды.
– Сапалы жолдар мен қоғамдық көліктің үздіксіз жұмыс істеуі – жайлы өмірдің маңызды құрамдас бөлігі. Сондықтан партия 2022 жылға дейін тұрақты қалалық автобус маршруттарына қызмет көрсететін қоғамдық көліктерді жаңарту мәселесін шешуге ұмтылатын болады, – деді кандидат.

Дастархан басындағы әңгімеде Гареевтер отбасы қазіргі саясатты, "Nur Otan" партиясының ұстанымын қолдайтынын білдірді.

«Nur Otan» партиясы Қостанай қалалық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді.