Көгілдір отын көмірді алмастырды

Қамысты аудандық ауруханасы толығымен газбен жылытуға көшті. Аурухананың бас дәрігері үнемделген ақшаны медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге жібереді.images (2)
Мұндағы  қазандық жабдықтары толық жаңарылып, газбен жылытуға ауыстырылды. Сонымен қатар, медициналық ұйымда емдеу корпусының қасбеті жаңартылды, бұл жұмыстарға 40 млн теңге бөлінді.
"Жұмыс жобасы және сараптама олар тартылған қаражат есебінен дайындалды. "Қазмырыш" АҚ-ның қаржылай көмегімен жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, әрі қарай бұл құжаттама құрылыс – монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін мемлекетке берілді", – дейді Қамысты ауданының әкімі Ғазиз Бекмұхамедов.
Жыл сайын аурухананы жылыту үшін көмірге 15 млн теңгеден астам қаражат жұмсалады. Енді жылу шығындары 1,5 есеге төмендейін деп отыр. Қазандық ауыстыру жұмыстары қараша айында басталған. Қазіргі таңда іске қосылды. Орнатылған бойлерлердің қуаттылығы – 500 кВат, бұл 5 мың шаршы метр аумақты жылытуға қауһарлы деген сөз. Барлығы даяр, тек мамандарға жаңа құрылғының "тілін" үйрету ғана қалып отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓