“Кандидатқа сұрақ қой”
Қостанай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Андрей Двуреченский "Кандидатқа сұрақ қой" акциясы аясында тікелей эфир өткізді.
Бүгінгі күні кездесулерді онлайн форматта өткізу жиі болып тұрады. Карантин жағдайында халықпен өзара іс-қимылдың мұндай нысаны көпшілікті барынша қамтуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ең алдымен кандидат қатысушыларды "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілерімен таныстырып, партия әрқашан өз алдына азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына бағытталған мақсаттар мен міндеттерді қоятынын атап өтті. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – бұл өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші.
Біз білім беру, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік салалардағы сапалы қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы облыс халқының өмір сүру жағдайын арттыратын боламыз. "NurOtan" партиясы қол жеткізетін болады:
–Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз қолжетімділік жасау мақсатында әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын толық бейімдеу;
–Мұқтаж балаларды 100% қамти отырып, инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау;
–2021 жылы мүмкіндігі шектеулі адамдарға өз бетінше, онлайн режимде өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, көмекші, орнын толтырушы құралдар мен әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізу;
–"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында қалалар мен аудандарда белсенді ұзақ өмір сүру клубын іске асыру бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды ұлғайту (2021ж. – 1, 2022ж. – 3, 2024ж.– 5, 2025ж. – 7);
–Отбасының барлық еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен міндетті түрде қамтамасыз ете отырып, атаулы әлеуметтік көмек көрсету;
–Әлеуметтік көмек көрсету және өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға мониторинг жүргізуді ұйымдастыратын болады.
Тұрғын үй сатып алу және жөндеу, көмірмен және отынмен, азық-түлікпен және басқа да көмекпен қамтамасыз ету бөлігінде "Бақытты отбасы" жобасы арқылы мұқтаж көп балалы және аз қамтылған отбасыларды бизнес – құрылымдармен одан әрі қолдау", – делінген Қостанай облысы бойынша "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында.
Тікелей эфир соңында Андрей Двуреченский тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Кандидат 2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлауда әрқайсысын өзінің азаматтық ұстанымын көрсетуге, дұрыс таңдау жасауға және "Nur Otan" партиясына өз дауысын беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Қостанай облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді .