Дмитрий Павленко: Біздің басты құндылық – жұмысшылар
Бүгін "Кандидатқа сұрақ қой" онлайн-кездесуі өтті. Эфирде қалалық мәслихат депутаттығына кандидат, "СарыарқаАвтоПром" ЖШС ұйымдық даму жөніндегі директоры Дмитрий Иванович Павленко сайлаушылардың сауалдарына жауап берді.

Партия кандидаты ретінде Дмитрий Иванович осы бағыттағы даму бағдарламасын таныстырды. Оның айтуынша, "Nur Otan" партиясы мына бағыттағы жұмыстарға жәрдемдесетін болады:
➢ "Бизнестің жол картасы-2025", "Қарапайым заттар экономикасы" және "Еңбек" бағдарламалары арқылы, әсіресе, технологиялық күрделі, ғылымды қажетсінетін, экспортқа бағдарланған немесе импортты алмастыратын өнім өндірумен айналысатын кәсіпорындар бойынша жаңа жұмыс орындарын құру және сақтау үшін 4 500-ге жуық жобаны қолдау;
➢ инновациялық белсенділігі бар ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді бизнеске тарту үшін "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы бойынша 60 кәсіпкерге гранттар беру;
➢ 500-ден астам азаматты кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.

Азаматтық белсенділігіңізді көрсетіп, сайлауға барыңыз!
«Nur Otan» партиясы Қостанай қалалық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді.