Шағым жоқ, ұсыныс бар

Дәндібаева ГүлфияЖаңа жыл қарсаңында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында үгіт-насихат жұмыстары жалғасты.
Бұл жолғы кездесулер де канвассинг форматында өткізілді. Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Гүлфия Төлегенқызы Дәндібаева 2-нші Қостанай көшесіндегі бірқатар үйге бас сұқты.
Бірінші тоқтаған әдемі үйдің қақпасын сүйкімді әйел ашты. Ол өзін Гүлнар деп таныстырды. Шағын бизнесі, екі ересек баласы барын айтты.
– Өмірде әртүрлі жағдайлар болды, – дейді Гүлнар, – бірақ әрдайым жанымнан қолдау көрсеткен, көмектескен адамдар табылды. Ұлдарымды нағыз жігіттер қылып тәрбиелеп өсірдім, қазір олар менің сенімді көмекшілерім.
Кәсіпкер ханымның өмірге айтар ешқандай шағымы жоқ. Мемлекеттің, үкіметтің қолдауына алғыс айтты. «Nur Otan» партиясы туралы жылы лебіз білдіріп, таңдау жасауға міндетті түрде баратынын айтты. Велоспортты дамыту және веложол салу жөнінде ұсыныс да көңілге қонымды.
Келесі үйде кандидатты көп балалы ана Татьяна қарсы алды. Үй шаруасындағы әйелдің бес перзенті бар. Отбасында тек күйеуі жұмыс істейді. Ол да жұмысқа шыққысы келеді, алайда бала күтіміне қарайтын басқа адам жоқ.
Ол «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын мұқият тыңдап, көп балалы аналарды жұмысқа орналастыруды қолдау және үйде жұмыс ұйымдастыру мәселесін талқылауды ұсынды. Сонымен қатар, КСК шағын ауданында қосымша білім беру орталықтары, студиялар және т.б. көп болса деген тілегін де жеткізді.
Дәндібаева– Балалардың көркем, хореографиялық, шығармашылық бағыттағы үйірмелерге баруын қалаймын, бірақ ол үшін орталыққа баруға тура келеді, өйткені балалар үшін қызықтының бәрі орталықта орналасқан, – дейді Татьяна.
Тағы бір қызықты сұхбаттасушы зейнеткер Александра Михайловна болды. Ол Лев Толстой атындағы кітапхананың бұрынғы қызметкері. Отанын, өзі тұратын туған жерін жақсы көреді. Қазақстанның тыныштығы, азаматтардың бейбіт өмірі мен амандығы үшін ел президенітен айтары алғыс қана. Бәрі толерантты болса дейді, ал жастарға басты білім көзі – кітап оқу керек екенін айтады.
 
«Nur Otan» партиясы Қостанай қалалық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓