Үміткерлер қабылдау өткізді
2020 жылдың 25 желтоқсанында қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ещанов Сайлаубек Ерғазыұлы, Скородиевский Иван Иванович және Мырзабекова Айгүл Сейпулқызы қабылдау өткізді. Үміткерлерге Жұмыс берушінің еңбекақыны төлемеуі және Қостанай қалалық ауруханасы қызметкерлерінің іс-әрекеттері туралы шағымдар келіп түсті.
Партия бағдарламасында медицина саласындағы негізгі басымдық Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мен нығайтуға және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға берілетіні атап өтілді.
"Nur Otan" партиясы қазақстандық медицинаның жоғары стандарттарға сай болуын және әрбір азаматқа Денсаулық сақтау саласындағы үздік практикаларға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді жақтайды.
«Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалының сайлау қорының қаражатынан төленді.