3 мыңнан астам үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Еліміздегі сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының аяқталуына санаулы сағаттар қалды. Ал ертең елімізде тыныштық күні. Қазақстанның сайлау туралы Конституциялық заңы бойынша сайлауға бір күн қалғанда және дауыс беру күнінде ешқандай насихат жүргізілмеуі керек. Сайлауалды штабтар мен сенімді өкілдер ешқандай шара өткізе алмайды. Яғни үміткерлер бүгін насихат жұмыстарын қорытындылайды. Атқарылған жұмыс нәтижесін 10 қаңтар сайлау күнінде көретін боламыз. Дегенмен, партиямыз атынан үгіт-насихат жүргізген әрбір үміткер кездесулер мен іс-шараларға бар жауапкершілік пен  ынтасымен қатысқандығы сөзсіз.
IMG-20210108-WA0020Бүгін біз "NurOtan" партиясы Қостанай облыстық филиалының сайлау науқанының үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылаймыз. 10 желтоқсаннан бастап ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына кандидаттар сайлаушылармен үгіт-насихат кездесулерін өткізіп, "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын халықпен талқылады.
Үгіт – насихат жұмысы партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы – "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!». Бұл партияның таяудағы 5 жылға арналған нақты, стратоға бағдарланған жұмыс жоспары.
Айта кету керек, биыл тек "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы өңірлік және аумақтық деңгейде ұсынылған. Қостанай облысы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасы партия праймериз кезеңінде халық арасында белсенді талқыланды.
Алдымен үгіт-насихат 3 416 іс – шара өткізілді, оның 338-і республикалық деңгейде, 3 078-і аумақтық деңгейде, жалпы 316 630 адам қамтылды. 979 іс-шара онлайн форматта өтті, 138 508 адам қамтылды.
Сайлау науқанын өткізу кезеңінде Қостанай облысы бойынша партияның сайлауалды штабтарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 1040 азаматтарды қабылдау өткізілді, оның ішінде 577 кандидаттармен қабылдау және 463 партияның сенім білдірілген тұлғаларымен қабылдау өткізілді.
Үгіт-насихат жұмыстары аясында 3987 өтініш келіп түсті, оның ішінде сайлаушылардың 939  ұсынысы бар.
Коронавирустық пандемияның таралу қаупіне байланысты көптеген іс-шаралар онлайн режимінде өткізілді, бірақ халықпен тікелей кездесулер де ұйымдастырылды.
Үгіт – насихат басталғаннан бері облыстық штаб республикалық және жергілікті БАҚ – та 2 599 материал (баспа БАҚ – 365 мақала, интернет – ресурстар – 388 материал, телеарналар-142 Арнайы репортаж, әлеуметтік желілер-1704 жарияланым) орналастырылды.
Әлеуметтік желілерде сарапшылар мен блогерлердің 1974 посты жарияланды, күніне орта есеппен 5000 мың пайдаланушы аудиовизуалды және мәтіндік үгіт материалдарымен қамтылды.
Үгіт – насихат жұмысында алғаш рет канвассинг (белгілі бір тұлғаның өкілімен кездесу, ізбасарлардың партияға оң көзқарасын қалыптастыру мақсатында), Тосын кездесулер (тірі қарым-қатынас үшін бейресми кездесулер), "Кандидатқа сұрақ қою" тікелей эфирлері және онлайн форматтағы кездесулер сияқты форматтар қолданылды.
Үгіт-насихат материалдары әлеуметтік желілерде де кеңінен таралды. Мысалы, күн сайын "Nur Otan" партиясының ресми аккаунттарында облыс тұрғындарымен депутаттыққа кандидаттардың кездесулері туралы есеп жүргізілді, кандидаттардың сайлауға қатысуға шақыруымен бейне үндеулері көрсетілді. 795 белсенді халық арасында үгіт материалдарын таратты. Қостанай облысында 3 үгіт толқынының қорытындысы бойынша 324 855 агитациялық материалдар (брошюралар, плакаттар, жапсырмалар, парақшалар және т.б.) таратылды.
10 қаңтарда сайлау науқанының соңғы кезеңі басталады. Барлық атқарылған жұмыстарды бағалау сайлау нәтижелеріне тікелей әсер етеді.
Барлық сайлаушыларды алдағы сайлауда "Nur Otan" партиясы үшін дауыс беруге шақырамын. Қазақстандықтар бейбітшілік, тұрақтылық, игілік және табысты болашақ үшін өз дауыстарын беретініне сенімдімін!
Күшті мемлекет пен тең мүмкіндіктер қоғамының пайдасына таңдау жасаңыз!
 
Э. КҮЗЕНБАЕВ,
"Nur Otan" партиясының
Қостанай облыстық
сайлауалды штабының
жетекшісі.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓