Ауыз су мәселесі шешілді
Қостанай ауданының Алтын дала ауылында су құбыры іске қосылды. Осылайша, 900-ден астам тұрғынның үйіне ауыз су тартылды. Олар біртіндеп жүйеге қосыла бастады. Жоба "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында жүзеге асты. Бұған бюджеттен 300 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Бұл ауылдықтар үшін жаңа жыл алдындағы ең үлкен сыйлыққа айналып отыр. Өйткені осы уақытқа дейін тұрғындар осы мәселемен бас ауыртып келген еді. Ауылдықтар ауыз суды құдық пен ұңғымадан алып ішіп жүрді. Қазірдің өзінде 100-ге тарта аулаға құбыр енгізілген, олардың қатары күн санап өсуде.
Құрылыс жұмыстарына пандемияға байланысты енгізілген шектеу шаралары құрылыс жұмыстарына кедергі келтірмеген.
"Жұмыспен қамту жол картасы аясында аудан көлемінде 28 жоба іске асты. Олар – су тарту, жол құрылысы, мектеп жөндеу, газдандыру және өзге де бағыттар. Тағы 8 ауылды орталықтандырылған ауыз сумен қамту жоспарда бар", – дейді Қостанай ауданының әкімі Жансұлтан Таукенов.Алдағы жылы аталған бағдарлама аясында Алтын дала ауылында 5 көше жөнделмек. Тұрғындардың көп жылғы тілегі бойынша, тас жол төселіп, жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.