БАҚ байқауы қорытындыланды

Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы Зәуре Байменова Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне арналған облыстық журналистер байқауының қорытындысы туралы айтты. 7fc3c6ec-aa94-44a2-bd58-dd6d2cff0962
Биыл коронавирус инфекциясының таралу қаупінің өршуіне байланысты, жылдағыдай журналистерді марапаттауға, құттықтауға арналған жиын өткен жоқ. Бұл туралы басқарма басшысы тәптіштеп түсіндіре өтті.
"Жыл сайын кәсіби мереке – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнін мерекелеу қарсаңында облыстық Медиафорум және облыстық журналистер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілетін. Осы жылы да мұндай іс-шараны өткізу жоспарға алынған еді. Оны ұйымдастыруда «Қостанай-Медиа» ЖШС біздің серіктесіміз болды. Бірақ, өкінішке қарай, биыл коронавирус пандемиясы қалыптасқан бұл дәстүрлі үрдіске өз өзгерістерін енгізді. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан салтанатты рәсімді өткізбеу туралы шешім қабылданды", – деді З.Байменова.
Облыстық журналистер байқауы ақпан айында жарияланған болатын. Онлайн режимде 80-нен астам өтінім қабылданып, құрамында журналистика ардагерлері, ғылым докторлары мен кандидаттары бар байқау комиссиясы үздіктерді іріктеу жұмыстарын атқарыпты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша, облыстық журналистер сайысында түрлі номинация бойынша 11 жеңімпаз анықталды. Үздіктердің әрқайсысына 160 мың теңгеден сыйақы тағайындалған. Мұның сыртында, Бейімбет Майлин, Мұхамеджан Сералин, Нәзипа Құлжанова атындағы арнайы сыйлықтардың 3 иегері іріктелді. Бұл сыйлықтардың әрқайсысының сомасы – 100 мың теңгеден. Марапатталғандардың қатарында журналистиканың 8 ардагері бар, оларға Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамоталары табыс етілді.
Сонымен қатар, биыл коронавирус инфекциясы туралы күнделікті жағдайды өзекті етіп ұсынып, жедел түрде жариялап отырғаны үшін «Азаматтық журналист» арнайы сыйлығын тағайындау туралы шешім қабылданған. Бұл аталымның жеңімпазы әлеуметтік желілер пайдаланушылары арасынан таңдалды.
Сондай-ақ, биыл Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің алғыс хаттарымен өздерінің мерейтойына орай БАҚ-тың 4 редакциясы марапатталды. Редакциялардың атауы марапат иелерінің толық тізімі арасынан көруге болады.
Басқарма басшысы қостанайлық бұқаралық ақпарат құралдары әрдайым жоғары кәсібилігімен ерекшеленетінін тілге тиек етіп, олар карантин режимі кезінде 24/7 тәртібінде тұрғындарға жедел де шынайы ақпарат таратқаны құрметке лайық екенін сөз етті.
"Барлық журналистерге осы қиын-қыстау кезеңде көрсеткен ынтымақтастығы үшін ризалығымызды білдіреміз. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, шығармашылық шабыт пен табыс тілейміз! – деп түйіндеді Зауре Әнуарбекқызы.
 

 

Облыстық Медиафорум аясында марапатталғандар тізімі

 

БАҚ атауы

Марапат түрі

Мерейтойларын атап өтіп отырған, Қостанай облысы әкімі А.Б. Мұхамбетовтің Алғыс хатымен (30 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы) марапатталған БАҚ редакциясы  

1

 «Костанайские новости» газеті (110 лет)

Облыс әкімінің Алғыс хаты

2

 «Науырзым тынысы» газеті (55 лет)

Облыс әкімінің Алғыс хаты

3

 «Аманкелді арайы» газеті  (85 лет)

Облыс әкімінің Алғыс хаты

4

 «Наш Костанай» газеті (30 лет)

Облыс әкімінің Алғыс хаты

Қазақстан журналистикасының дамуына үлес қосқан әйгілі жерлес-қостанайлық тұлғалар құрметіне тағайындалған арнайы сыйлық (100 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық) иегері

5

 «Айна» газеті (90 лет)

(Қарабалық ауданы)

М.Сералин атындағы сыйлық

6

 «Біздің Торғай» газеті (90 лет) (Жангелдин ауданы)

 Н.Құлжанова атындағы сыйлық

7

Бекмұхамедов

Ермұрат Баекенұлы

 («Қамысты жаңалықтары» газетінің бас редакторы)

Б.Майлин атындағы сыйлық 

Отандық журналистиканың дамуына үлес қосқан, өздерінің мерейтойларын атап өтіп отырған,Қостанай облысы әкімі А.Б. Мұхамбетовтің Құрмет грамотасымен марапатталған ардагерлер (20 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық)

8

Алдабергенов Қасымхан

(95 жыл)

(«Қостанай таңы» газеті)

Облыс әкімінің Құрмет грамотасы 

9

Старшинин Борис Алексеевич

(«Костанайские новости» газеті)

Облыс әкімінің Құрмет грамотасы

10

Харченко

Сергей Васильевич (75 жас)

(«Костанайские новости» және «Жасыл алма»)

Облыс әкімінің Құрмет грамотасы

11

Хасенов Ермекбай (70 жас)

(«Әулиекөл» газеті)

Облыс әкімінің Құрмет грамотасы

12

Болатов Жайберген (70 жас)

(«Қостанай таңы» газеті)

Облыс әкімінің Құрмет грамотасы

13

Жәрімбетова Нәзира Қыпшакбайқызы (60 жас)

(«Егемен Қазақстан» газеті)

 

Облыс әкімінің Құрмет грамотасы

Облыстық журналистер байқауының әртүрлі номинация бойынша анықталған жеңімпаздары (арнайы статуэтка және 160 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық)

Аты-жөні және БАҚ атауы

 

Номинация

14

Утевова Айжан Амангелдіқызы, «Bnews.kz» АА журналисі

«Өңірлердің дамуы – елдің дамуы»

15

Кәрімов Самат Акылбекұлы, «Костанайские новости» газетінің журналисі

«Даму діңгегі» – «Стержень развития»

16

Жүсіпбеков Жандос Бағынбекұлы, «Қостанай таңы» газетінің журналисі

17

Турбилова Екатерина Андреевна,  «Костанай-Агро» газетінің журналисі

«Рухани жаңғыру жаршысы»

18

Тәжмұханова Мақтагүл, «Алау» телеарнасының журналисі

«Біргеміз, тұтас іргеміз»

 

19

Вишниченко Константин Валерьевич,  «Костанайские новости» газетінің фототілшісі

«Көзмерген» – «Мир в объективе»

 

20

Шайкенов Айдын Жүсіпханұлы,

 «Qostanai'» телеарнасының журналисі

«Тарих күнтізбесі»

 

21

«Наш Костанай» апталық газетінің сайты

«Интернет иірімі»

 

22

Таңатбаев Айбек Мырзағалиұлы,  «Науырзым тынысы» газетінің журналисі

«Ерікті болу – ерлік!»

23

Бегәлі Нұргүл Арқабайқызы, «Арқа дидары» телеарнасының журналисі

«Халық және билік»

24

Шарипова Марина Васильевна, «Қарасу өңірі» газетінің журналисі

 

«Ауыл – Ел бесігі»

ТЖ және карантин кезінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін "Азаматтық журналист" арнайы сыйлығын иеленуші  (50 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық)

25

Көкжанова Зарина Ғұсманқызы

Сертификат және статуэтка

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓