13 мың көшет отырғызылды
Күні кеше Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің аумағында "Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні" экологиялық акциясы өтті. Оған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.
Акция ормандарды сақтау және қалпына келтіруге, қалалық жасыл аймақтарды абаттандыруға, өңірдің табиғи байлықтарын сақтауға және көбейтуге деген қоғамдық қызығушылықты дамытуға бағытталған. Аталмыш акцияға 10 мың адам қатысып, 13 мың көшет отырғызды. Аймақ басшысы ізгі шараға атсалысқан қатысушыларға алғысын білдірді.