COVID-19: +58
30 желтоқсанда Қостанай облысында 58 адамнан коронавирус табылды.
Сырқатқа Қостанай қ. 23 адам, Рудный қ. -15, Лисаковск қ. – 9, Денисов және Қарабалық аудандарында 3 адамнан, Жітіқара қ. – 2, Алтынсарин, Қарасу, Әулиекөл аудандарында – 1 адамнан шалдықты.
53 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде, 4 адам коронавирус инфекциясы расталған адамдармен байланыста болған күдікті ретінде, 1 адам стационарға жатар алдында эпидқадағалау мақсатында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 44 адамда ауру белгілері болды, 14 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 30 желтоқсан аралығында COVID-19-ды 7505 адам жұқтырған.Емделіп шыққан адамдардың саны – 7249.