Облыс әкімінің тартуы

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Жаңа жыл мерекесі қарсаңында отбасы үлгісіндегі "Жанұя" балалар мекемесіне 20 шана тарту етті.
Бүгінде "Жанұя" балалар ауылында 45 жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған бала өмір сүруде. 4a4eb231-7e40-4854-958c-79b5a721d909
6b2841b6-32dc-4ba7-ba01-b7879b3dea00"Өскелең ұрпаққа деген қамқорлық пен ықылас танытқаны үшін зор алғысымызды айтамыз. Кетіп бара жатқан жыл біз үшін жеміссіз болған жоқ: балаларымыз аймақтық және республикалық онлайн-байқаулар мен жарыстарға белсенді қатысты.Келер жылы да тәлімденушілеріміз оқуда озат болып, спортта үздік жетістіктерімен қуантады деген үміттеміз", – дейді "Жанұя" балалар ауылының директоры Айнаш Жақанова.8ca5e3a2-ff51-4845-927c-dd0b790a33a9
Қостанай облысының әкімі тәрибеленушілерге Жаңа жыл мерекесі қарсаңында үнемі сыйлық жасайды, бұл жыл сайынғы дәстүрге айналған. Былтыр Архимед Бегежанұлы қамкөңілдерге велосипед тарту еткен болатын.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓