Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!

Айлардың сұлтаны енгелі сауаптың ләзімін алмаққа ниет еткен мүмін баласының қарасы қалың. Дінге ұйыған жұрттың облыстық мешіт төңірегіне күнделікті ауызашарға жиылуынан-ақ осыны аңғарасыз.намазда
Бас имамның айтуынша, ақ шатырдың астына, ақ дастархан үстіне күніне 300 адам жиылады екен.ауызаша
Күн ұзаққа нәр сызбау парызына бойсұнған мұсылман жұрты 29 күн бойы Алла үйінде кеш әлетінде бас қосып, өзек жалғайтын болады. ауыз ашар
Ауызашардың дәм-суына қаладағы түрлі мекемелер, жеке тұлғалар демеушілік жасап жатыр. Тек ешқайсысы да сауапты істе есімдерінің жария болуын аса маңызды деп санамайды.мешит
 
Жандос Жүсіпбек  
Суреттерді түсірген: Бағдат Ахметбеков
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓