Спорт халықпен бірге!
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қостанай облысының Кикбоксинг федерациясы осылай аталатын қайырымдылық акциясына үн қосты. Бұл – Қазақстан Жекпе-жек ассоциациясының игі бастамасы. Акция аясында Федерация басшылығы Қостанай қаласындағы тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік қоржыны және мерекелік тәтті сыйлықтар тарту етті.