Ерлан Төлетаев: Ұлағатты жол – ұрпақтар сабақтастығы
Бүгін үгіт-насихат бағдарламасы аясында Төлетаев Ерлан Серікұлы қала тұрғыны Колотько Надежда Николаевнамен кездесу өткізді.
Надежда Николаевна пошта қызметінің ардагері, осы салада 26 жыл жұмыс істеген. 2010-2015 жылдары, зейнетке шыққанға дейін Қостанай қаласы пошта байланысы торабының бастығы болды. "Қазпочтаның" облыстық филиалынан грамоталар алып, облыстық кәсіподақтар комитетінен алғыс алған.
"Ол тәлімгерлік, жастар туралы айтты. Кейінгі буынға көңілі толады. Бірақ, тірек болар негізімізді де ұмытпаған абзал. Ал ағалар білген-түйгенін үйретіп, үлгі-өнеге көрсетуі керек. Цифрландыру туралы айтатын болсақ, бүгінде тіпті шалғай елді мекенде электронды құрылғылар жұмыс істеп тұр, олар пошта қызметкерлерінің қызметін жеделдетуге көмектеседі. Осы турасында да әңгіме өрбіттік", – дейді кандидат.
Ерлан Серікұлы сондай-ақ, сайлауалды бағдарламаның негізгі тармақтарымен таныстырып, ардагер пошташыны 10 қаңтарда өтетін сайлауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қостанай қалалық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді.