COVID-19: +60

29 желтоқсанда Қостанай облысында 60 адамнан коронавирус табылды.коронаІндетке Қостанай қ. 20 адам, Рудный қ. – 12, Федоров ауданында – 10, Жітіқара қ., Ұзынкөл, Б. Майлин атындағы аудандарда 3 адамнан, Денисов, Қостанай, Сарыкөл аудандарында 2 адамнан және Арқалық қ., Әулиекөл, Қарасу аудандарында 1 адамнан шалдыққан.
 48 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде, 10 адам коронавирус инфекциясы расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 2 адам стационарға жатар алдында эпидқадағалау мақсатында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 47 адамда ауру белгілері болды, 13 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 29 желтоқсан аралығында COVID-19-ды  7447 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 7229.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓