Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Мендіқара және Ұзынкөл аудандарына іс-сапарымен барды. Ол аудандардағы өндіріс орындарын аралады. Аймақтағы кәсіпкерлермен жұмыс барысын қадағалады, ауданның тыныс-тіршілігімен танысты.
Өңірдегі су құбырлары мен жылу қазандықтарын және сүт өнімдерін шығаратын зауыттарда болды. Егіс алқаптарында болып, науқан алды дайындықтарды пысықтады. Толығырақ газеттің келесі санынан оқи аласыздар. .