Борышкерлерге мүмкіндік

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың өздерін банкрот деп жариялау мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, 3 наурыздан азаматтардан өтініш қабылдана бастайды, деп хабарлайды Экспресс К
"ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заң ресми түрде 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Яғни жеке тұлғалардың банкроттығына қатысты бұл заңда, негізінен, оның 3 түрі қарастырылған. Олар — соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкрот болу және төлем қабілетін қалпына келтіру.
Алғашқысына шағын қаржы ұйымдары мен коллекторлар алдында 1 жылдан аса төленбеген 5,5 миллион теңгеге дейін қарызы бар адам жатады. Әрі меншігінде тіркелген мүлік немесе ортақ меншіктегі мүлік болмауы тиіс. Сондай-ақ банкпен қарызды реттеу процедурасын жасау қажет.
"Соттан тыс банкроттық" электронды үкімет порталында басталады. Содан кейін ақпарат жүйесі арқылы борышкердің критерийлерге сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізіледі.
Екінші түрі — сот арқылы жүзеге асатын банкроттық. Бұл азаматтардың қарызы 5 жарым миллионнан көп болған жағдайда қолданылады. Банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру көзделеді. Негізінен, бұл рәсімді қаржы басқарушылары жүзеге асырады. Олардың құрамына жұмыс істеп тұрған әкімшілер, кәсіби бухгалтерлер, заң кеңесшілері мен аудиторлар кіреді.
Үшінші рәсім — төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Бұл жолдың басты ерекшелігі жеке тұлғалар банкрот деп саналмайды. Әрі банроттық үшін көзделген салдарлар қолданыламайды. Тек сот арқылы борышты 5 жыл уақыт аралығында бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі. Ол үшін екі тараптың, яғни борышкер мен несие берушінің келісімі қажет.
 
Фото: ашық дереккезден

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓