Үздік жастар марапатталды

"Рудный қаласы жастарының алтын кітабы – 2020" лауреаттары анықталып, марапаттау рәсімі өтті. 2017 жылы ашылған кітапқа бүгінге дейін 20 адамның есімі тіркелген. Енді олардың қатары тағы алты үздікпен толығып отыр. Оларды қала әкімі Қуандық Испенргенов марапаттады.рудный"Спорт саласындағы жетістігі үшін" аталымында "ССКӨБ" АҚ қызметкері, велоспорттан республиканың бірнеше дүркін жүлдегері, Елбасы Алғыс хатының иегері Арман Тұрғымбаев топтан озды. "Білім және ғылым саласындағы жетістігі үшін" аталымы педагог, халықаралық байқаулар жеңімпазы Екатерина Марышеваға бұйырды. "Мәдениет және өнер саласындағы жетістігі үшін" номинациясын фестиваль-байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы, жас әнші Мейірімхан Назарханов еншіледі. Ол қазір "Х фактор" тележобасының ақтық сынында өнер көрсетуде. Тағы бір "алтын жас" – Денис Денисов "Жас маман" аталымында үздік шықты. Ол №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жас командирі. Осы уақытқа дейін кәсіби шеберлігі үшін әр деңгейдегі марапаттар иеленген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓