Кейуананы қағып кетті
Қостанай қаласында қоғамдық көлік 80 жастағы әйелді қағып кетті. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлайды.
Оқиға 28 желтоқсанда сағат 13:30-да Қостанай қаласының «Юбилейный» шағын ауданында болған.
«Дизель зауытына қарай бағыт алған 56 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісі 80 жастағы әйелді қағып кетті. Жаяу жүргінші жүруге рұқсат етілмеген аймақты кесіп өтпек болған. Ауыр дене жарақаты салдарынан зейнеткер оқиға орнында қаза болды», – делінген полицияның ресми хабарламасында.
Осы дерек бойынша тексеру жұмыстары басталды. Автобус жүргізушісі қан тапсырып, тексеруден өтеді.