Армандар орындалады
Отбасылық үлгідегі "Жанұя" ауылының 17 жастағы тәрбиеленушісі Людмила Шохман бала кезінен полицей болуды армандайды. Бұл туралы ол Аяз Атаға хат жазып, арманының орындалуын сұраған. Қостанайлық тәртіп сақшылары оның арманын орындауға көмектесетін болып отыр. Алдағы жылы ол мектеп бітірісімен ҚР ІІМ академиясына түсуге дайындала бастайды.
17 жастағы Людмила қазірдің өзінде NOMAD MMA бойынша Әлем чемпионатының қола жүлдегері және әскери қоян-қолтық ұрыс бойынша спорт шебері.
"Құрметті Аяз ата! Мен 2021 жылғы түлек болғандықтан, менің алдымда қиын таңдау – мамандық таңдау тұр. Менің полиция қызметкері болып, өз Отанымды қорғау арманым. Мен ІІМ жоғары мектебіне түскім келеді. Менің арманымды жүзеге асыруды сұраймын", – деп жазды Людмила Аяз Атаға.
Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев түлектің хатын оқып, оны Департаментке шақырды. Ведомствода полицейлердің, соның ішінде жедел басқару орталығының, жедел әрекет ету арнайы жасағының, кинологиялық қызметтердің жұмысын көрсетті, сондай-ақ ішкі істер органдарында жұмысқа орналасу бойынша кеңес берді.
– Сіз полиция мамандығын таңдағаныңызға қуаныштымын. Бізге мақсатты, перспективалы және спортқа жақын адамдар керек, өйткені мамандық оңай емес. Ол үшін жақсы оқу керек. ІІМ Академиясына түсу үшін жеңілдіктер, гранттар бар, біз сені барынша қолдаймыз, – деді полиция полковнигі.
Людмила тергеуші болғысы келеді. Тәжірибелі тергеуші Артем Ткаченко тергеушілердің жұмысы туралы айтып берді. Тәртіп сақшылары "Жанұя" үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар беріп, келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
Келесі жылдың наурыз айында қыз полиция академиясына түсуге дайындықты бастайды.