Полицей алаяқтық жасағаны үшін сотталды
Қостанай ауданында полиция қызметкері тұрғындарға жүргізуші куәлігін алуға көмектескені үшін ақша алып келген.
Аудандық сот мәліметінше, ол 2021 -2022 жылдар аралығында бірнеше рет заңбұзушылыққа барған. Ол 441 000 теңге көлденең пайда тауыпты. Сот отырысында кінәсін толық мойындады.
«ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша айыпты саналып, 4 410 000 млн теңге айыппұл төлейтін болды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды Үкім заңды күшіне енген жоқ», -делінеді аудандық сот хабарламасында.