Үйлерді су басты

Арқалық қаласының Новый кентінде де қар күрт еріп, аулаларға кіріп жатыр. "Инстаграм" желісінде тараған бейнежазбадан тұрғын үйдің ішіне су кіріп кетіп, отбасы мүшелері тобықтан су кешіп жүргенін көруге болады.
Жергілікті билік өкілдері бұл жағдайға байланысты түсінік берді.
"4 сәуірде түске дейін ТЖ, коммуналдық сала өкілдері Красноармейский көшесіндегі 15/2, 15/6 мекенжайларына барып, үйлерге кірген су сорып алынды. Яғни видео жарияланғанға дейін көмек көрсетілген", – деп хабарлайды Арқалық қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Билік өкілдерінің айтуынша, бұл жағдай аталған үйлердің иелері ауладағы қарды аршып, қауіпсіздік қамын жасамағандықтан болып отыр. Дегенмен әкімдік өкілдері қала аумағында қар суынан келетін қауіптің артып отырғанын жасырмайды.
"Қазір 5 мобильді топ күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Облыс орталығынан қосымша 22 адам көмекке келді. Диспечердің жұмыс істеп тұрғанын да естеріңізге саламыз. Көмектің шын мұқтажға көрсетілуі үшін тұрғындардан қар суына өздері қарсы тұра алмаған жағдайда ғана хабарласуын сұраймыз", – дейді қала әкімдігіндегілер.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓