Өндіріс көлемі артқан
Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов онлайн-брифинг аясында өндіріс саласындағы жетістіктерге де тоқталды.
Жыл қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 610 млрд.теңгені құраған. Көрсеткіш былтырғы межеден 19,5%-ке артық. Қостанайлық «СарыарқаАвтоПром» зауытының еліміздегі автокөлік өндірісіне қосар үлесі қомақты. Жыл басынан бері Қазақстанда 67 мыңнан астам көлік шығарылған. Ал «СарыарқаАвтоПром» кәсіпорны 35,2 мың автомобиль, автобус және коммерциялық көліктер шығарды. Сонымен қатар, биылғы он бір айда астық жинайтын 339 комбайн шығарылып, 478 мың тонна ұн, 43 мың тонна кондитерлік өнімдер өндірілген.
-Біздің аймақ он айдан бері карантин режимінде өмір сүріп жатыр. Осы уақыт аралығында халықтың әл-ауқатын арттыру және бизнесті дамытуға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар іске асты. Он бір айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 577, 6 млрд теңгені құрады,-деді қала әкімі Қайрат Ахметов.
Қымбат Досжанова