Басты мәселе – баспана кезегі

Биыл Қостанай қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысы мен инженерлік коммуникацияларға бюджеттен 13,7 млрд теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта баспанаға мұқтаж 11,2 мың адам қалалық  әкімдіктің кезегінде тұр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов айтты.133007051_780094165921245_3060946114662048474_o
Атап айтқанда жетім балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатына кіретін 2077 адам, халықтың әлеуметтік осал топтары – 4097 адам, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметкерлер, мемлекеттік қызметшілер – 4857 адам және  170 көпбалалы отбасы баспана кезегінде тұр. Көп балалы отбасылар 2019 жылы алғаш рет жеке санатқа бөлінген. Осы санаттағы азаматтардың кезегін қысқарту мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен 100 пәтер сатып алуға 1 миллиард 135 миллион теңге қаражат бөлініпті.
Жылдың соңына дейін қалада 252,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланған болатын. Ал келер жылы 280,4 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Соның ішінде бюджет есебінен  көпқабатты 28 үй көпшіліктің қолданысына берілмек. Оның үшеуі арендалық үй.
Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓