Тұтыну бағалары

Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 2014 жылғы қарашада 2013 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 106,5% құрады.
Жыл басынан азық-түлік  тауарларына бағалар 6,9% көтерілді;
азық-түлік емес тауар-   ларға бағалар 6,5% жоғары болды;
ақылы қызметтер көрсетуде бағалар мен тарифтер 6,0% өсті.
 
Азық-түлік тауарлары
Жемістер және көкөністер 12,7% қымбаттады, нан-тоқаш өнімдері және жармалар – 10,5%, қант – 7,1%, ет – 6,9%, алкогольсіз сусындар – 5,8%, сүт өнімдері – 5,7%, кондитерлік өнімдер, балық және теңіз өнімдері – 4,8%-дан, алькогольдік ішімдіктер – 4,0%.
Жұмыртқа 21,7%, май және тоң майлар – 0,3% арзандады.
Темекі өнімдері 12,8% қымбат болды.
 
Азық-түлік емес тауарлар
Бағаның жоғарлауы кеңсе тауарлары және сызу құралдарына (12,4%), фармацевтикалық өнімге (7,1%), киім мен аяқ киімге (6,7%), жеке пайдалануға арналған аспаптар, құралдар және өзге де заттарға (6,2%), тұрғын үй жайларға қызмет көрсету мен жөндеуге арналған материалдарға (5,7%), үй тұрмысына қажетті заттар, тұрмыстық техника және тұрғын үйге ағымдағы қызмет көрсетуге (4,9%) болды.
Жанармай 9,1% қымбат болды.
 
Ақылы қызметтер көрсету
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерден орталықтан жылыту 14,7% қымбаттады, ыстық су – 12,2%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газ – 5,6%, электр энергиясы – 5,4%, кәріз – 1,0%, қоқыс жинау – 0,4%. Сақтандыру қызметтері 7,0%, білім беру – 6,9%, құқықтық – 6,8%, денсаулық сақтау – 6,6%, жолаушылар көлігі – 2,4% қымбаттады, байланыс – 1,9% арзандады.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓