Айгүл Соловьева: Үкіметтік емес сектор ретінде сайлауға тәуелсіз баға беруіміз керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкіметтік емес сектор сайлауға тәуелсіз баға беруі керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы арнайы мониторинг тобының басшысы Айгүл Соловьева алдағы сайлау жайлы осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 «Үкіметтік емес ұйымдар тәуелсіз байқау жүргізетін Бейпартиялық сайлауды байқау орталығын ашты. Сол себепті процедура бойынша біз сайлауға келетін азаматтармен кездесуіміз керек. Бәріміз де сайлау процесіне қатысушымыз. Біздің міндет – сайлауға бара жатқанын партиялардың құрамын анықтау. Әлбетте қай партиядан қанша адамның үміткер ретінде түсетінін білеміз. Алайда оның құрамы қаншалықты сапалы, қанша әйел мен жастар бар, олардың бағдарламалары қандай, олардың сенімді өкілдері кім – осының бәрін білгіміз келеді», – деді Айгүл Соловьева тілшілермен Бейпартиялық сайлауды байқау орталығында өткен кездесуде. Ол өз жария еткен хартияда барлық саяси күштермен бірге жұмыс жүргізу туралы арнайы пункт барын айтып өтті. «Бұған дейін Бейпартиялық сайлауды байқау орталығы Adal партиясының мүшелерімен, кеше «Ауыл» партиясының мүшелерімен кездесті. Енді бүгін тағы үш партиямен кездесу өткіземіз. Біз партиялардың процестерін бақылап, оларға мониторинг жүргіземіз. Мәселен, белгілі бір партия екінші партияға қатысты тәртіп немесе ереже бұзса, Бейпартиялық сайлауды байқау орталығы оның бәрін тіркеп отыруы тиіс. Себебі оның нәтижесі бойынша біз есеп әзірлейміз. Біз үкіметтік емес сектор ретінде сайлауға тәуелсіз баға беруіміз керек», – деді ол. Еске сала кетсек бұған дейін Айгүл Соловьева Сайлауды әділ және адал бақылау туралы хартия нұсқасын жария еткен болатын.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓