300 жүк көлігінің шопыр жұмыссыз қалды

Ресейдің ағаш тасымалына тыйым салуы қазақстандық кәсіпкерлерге кері әсерін тигізді. Соның салдарынан Қостанай облысында 300 шопыр жұмысынан айырылды. Бұл туралы ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының президенті Қанат Ибраев мәлімдеді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА тілшісі."Бірінші мәселе – пандемия салдары. Осыған байланысты материалдар бағасы айтарлықтай өсті, импорттаушылармен салыстырғанда, біздің кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі төмендеді. Қаңтар оқиғаларынан кейін импорттаушыларды қолдайтын популистік, түсініксіз шешімдер қабылданды. Оған қоса, Ресей Федерациясына салынған санкциялық шаралар бар. Бұл ресейлік тауарлардың Қазақстанға ағынын болжауға мүмкіндік береді", – деді Қанат Ибраев Нұр-сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің қаланың бизнес-қоғамдастығымен есептік кездесуі басталар алдында.
Оның айтуынша, бұл қазақстандық сатып алушыға тиімді, бірақ жалпы ел үшін тиімсіз.
"Мен біздің тұтынушы үшін тиімділік артып, бағалар төмендеуі және т. б. жеңілдіктер болатынын түсінемін, бірақ бұдан біз жұмыс орындарын жоғалтамыз, мемлекет салықты жоғалтады, біз балаларымызға не қалдырамыз? Бұл тек Нұр-Сұлтанның ғана емес, барлық өңірлердің де проблемасы", – деп атап өтті кәсіпкер.  – Мысалы, Ресей қазір ағаш сатуға тыйым салу үшін көптеген шара қабылдап жатыр. Бұл, мәселен, РФ-мен шекараласатын Қостанайдың  шағын және ұсақ бизнес кәсіпорындарына қатты әсер етті. Қостанай облысында 300-ге жуық жүк көлігі жүргізушілері жұмысынан айрылды. Біз қазір оларды қолдап-қорғауға, пысықтауға тырысып жатырмыз, бірақ бәрібір бұл саясаттың "жемісі". Бұл бизнес емес", – деп түйіндеді Қ.Ибраев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓