Емен-жарқын әңгіме
Бүгін, 24 желтоқсанда «Nur Otan» партиясы Қостанай қалалық филиалының үгіт-насихат жұмыстары жаңа канвассинг формасында өткізілді.
Үміткерлер канвассинг сияқты жаңа формадағы үгіт-насихат кездесулерінде адамдармен жеке әңгімелесу арқылы мәселелерін біліп, олардың тілектері мен ұсыныстарын тыңдайды.
Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Қабдулинова Анар Әлібайқызы көрнекті педагог, ҚМК №2 орта мектебінің бұрынғы директоры Вера Григорьевна Макероваға барды.
Вера Григорьевна – үлкен жүректі, ұлағатты ұстаз, білікті басшы. Ол бірер жыл орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, 28 жыл мектеп директоры болып қызмет істеген. Бүгінде Қостанай қаласының құрметті азаматы.
Вера Макерова қалалық, облыстық, халықаралық форумдардың, білім сапасын арттыруға арналған шығармашылық алаңдардың қатысушысы болды. Қоғамдық қызметпен белсенді айналысты. Ленин орденімен, Халықтар Достығы орденімен, «Шапағат» медалімен марапатталған.
Еркін әңгімелесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы тілге тиек етілді. Білікті педагог бағдарламаның негізгі бағыттарымен таныс екенін айтты. Елдің жауапты азаматы ретінде дауыс беруге барамын деп отыр. Айтуынша, ол өз таңдауын жасап қойған.
Вера Григорьевна өзінің өмірлік тәжірибесін, көрген-білгенін баяндап, Қазақстанның қиын кезеңдерден қалай өткенін еске түсірді. Ұстаздың азаматтық ұстанымы – әр адам өзі тұратын елге құрметпен қарап, әрқашан қамқор болуы керек.
«Nur Otan» партиясы Қостанай қалалық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді.