Жастар сьезі
Кеше «AMANAT» партиясы жанындағы Жастар қанатының кезектен тыс VI съезі өтті. Ақмола облысының Зеренді ауылында өткен съездің пленарлық отырысына еліміздің барлық өңірлерінен 350-ден астам делегаттар мен қонақтар қатысты. Біздің облысты съезде 11 делегат таныстырды.


Съезде жастар қанатының ребрендингі ұсынылды және қолдау тапты. Еліміздегі 105 мың адамды құрайтын ең ірі жастар ұйымы «Жастар рухы» деп аталды. Партияның жастар қанатын жаңарту тек атауын өзгертумен шектелмейді. Іс-шарада жастар ұйымын трансформациялау бағдарламасы ұсынылды және бірқатар қызықты жобалар мен бастамалар айтылып, орталық кеңестің құрамы өзгертілді.

Осының барлығы партияның жаңғырту әлеуеті жақсы екенін және қайта құру арнасында ілгерілеуге дайын екенін растайды.