Сұрақтарға жауап берді
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер, партияның аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Гүлсара Жаманқұлова "Кандидатқа сұрақ қой" онлайн-акциясы аясында тікелей эфир өткізді.
Әңгіме басында кандидат "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, партияның бағдарламасы – өңірді дамытуға бағытталған нақты шаралардың тиімді кешені екенін атап өтті.
Үміткер өз сөзінде Тәуелсіздік жылдары "Nur Otan" партиясының күш-жігерінің арқасында көп жұмыс атқарылғанын атап өтті. Аудан тұрғындарын толғандыратын күрделі мәселелерді шешуде партия үлкен рөл атқарады. Кандидат азаматтарды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріп, 2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлауда азаматтық белсенділік танытуға және "Nur Otan" партиясына өз дауысын беруге шақырды.
"Nur Otan" партиясы Қостанай облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.