Жұмысшылармен кездесті
Қостанай облысының және Қостанай қаласының мәслихаты депутаттығына үміткерлер «Титан» ЖШС жұмысшыларымен кездесті. 1987 жылдан бері нарықта жылыту қазандықтарын жасап шығарып келе жатқан кәсіпорын алыс-жақын шетелдерге танылып қалды. Кеңестік кезеңнен келе жатқан құрал-жабдықтармен қатар, өндіріс орнына заманауи қондырғылар да сатып алынған. Қазақстан мен Ресейден темір, болат шикізаттарын сатып алынады да, мекемелерге арналған қызуы күшті пеш болып шығады.
Қазір «Титанның» қазандықтарын облысымызбен қатар, өзге өңірлер тұтынып келеді. Қабырғалары қалың шойын мен су құбырлары аса қатты ыстық температураға төзімді пештердің сапасы да жоғары. Жылына 600-700 қазандық жасауға қауқары бар. Қазір мұнда 120 адам жұмыс істейді. Орташа жалақы 150 мың теңге. Дегенмен кәсіпорында әлі де жұмыс күші жетіспейді.
Қостанай қаласы мәслихаты сайлауына түскелі отырған облыстық іскер әйелдер қауымастығы жастар қанатының жетекшісі Әсел Ақан бұл саяси науқанның маңызы зор екенін айтады. ҚР президентінің алдағы сайлау туралы жарлығына сәйкес сaяси пaртия пaртиялық тізімдерді бекіту кезінде оған енгізілген адамдардың жaлпы сaнының кемінде отыз пaйызы – әйелдeр мен жиырмa тоғыз жaсқа тoлмаған адамдар болуы керeгін еске сaлған болатын. Бұған дейін ол Қостанайдағы бірқатар кәсіпорын ұжымымен кездесіп, Заречный-Тобыл-Мичурин бағытындағы аттылы шеруге қатысып, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин кесенесіне зиярат етіп келіпті.
– Жақында партия қатарына кірдім және өз бағытымды таңдауға зор мүмкіндік болды. Қазір қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру өте маңызды мәселе. Әсіресе, жастар проблемасы өткір күйінде тұр. Жас буынға өте аз көңіл бөлінеді. Жастардың қаламыздың көркеюіне атсалысуға пәрмені аз және кейінгі буынмен санаса бермейді. Біз оларға серпіліс беріп, қандай да бір шешім шығаруға тырысудамыз. Ең алдымен жастар білім алып, қажетті мамандар даярлау ісі қолға алыну, олар қоғамнан өз орындарын табу қажет. Екіншіден, кәсіпкерлікке баруға жол ашылу керек. Мәселен, биыл жастардың бизнес бастауына 60 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражат, әрине, жеткіліксіз. Себебі, тың жобалары бар жастар баршылық. Ал мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіп бастағысы келетіндер арасында кедергі барын жасырмаймыз. Мәселен, оқуын аяқтаған студент дайын маман болып шығуы керек қой, – деді Ә.Ақан.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.