Сергей Могилатов: Ұсыныстар ескеріледі

Бүгін қала тұрғындарымен онлайн кездесуде қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Сергей Анатольевич Могилатов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады.
Қатысушылар мердігерлер мен пәтер иелері арасындағы дау-дамайды шешуге, коммуналдық қызметтерге тарифтерді белгілеудің ашықтығына, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдайлар жасауға байланысты өз шешімдерін белсенді түрде ұсынды.

«Nur Otan» партиясы Қостанай қалалық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді.