Гитлер – төбет
"Сегізінші ауылдың серісі" атанған Дәукен Нұрмағанбетұлы жас кезінен-ақ ақындық, домбырашылық өнерімен көзге түседі. Ойын-тойдың көркі болады. Ел басына күн туған шақта неміс-фашист басқыншыларына қарсы күреске аттанады. Ауылда қалған ағайын-туғандарына қара сөзбен де, өлеңмен де хат жазып, хал-жағдайын білдіріп тұрады. Кезекті бір хатында мынадай өлең жолдары кездеседі:
"Қапқан ит – Гитлер төбет қаншықтары,
Денеме оқ тигенде жан шықпады.
Ертең-ақ жарақатым жазылады,
Не қылар адал тәннен қан шыққаны".
Жан алғыш Гитлердің атын атаудың өзі қорқынышты болған заманда ол итті "төбет" деп, оның солдаттарын "қаншықтар" деп жазудың өзі ерлік емес пе?! Бір өкініштісі, Дәукен ағамыз Отан қорғау жолында шейіт болып кетті.
Ж. БЕЙІСҰЛЫ.
Жанкелдин ауданы.