Қасиет туралы құндылық
«Қазақстанның киелі географиясы» жобасы аясында жоспарланған бес томдық энциклопедияның кезекті 3-томы жарыққа шықты.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде энциклопедияның тұсаукесері өтті. Өңірдің тарихы мен мәдени мұрасына арналған кітапты «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Батырхан Жұмабаев таныстырды.
Кітапқа Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл облыстарының киелі жерлері, тарихи оқиғалар өткен орындар, табиғи ландшафттың ерекше ескерткіштері және ұлттық кұнды мәдени мұралары енгізілген. Тұрғындардың назарларына бұл кітап туған өлкеміздің тарихи және мәдени мұрасын кеңінен таныстыру мақсатында ұсынылып отыр. Энциклопедияда облысымыздағы мәлім де беймәлім киелі мекендер туралы кеңінен жазылған.