Ананың ақ алғысын алды

Арқалық қалалық Полиция басқармасының полицейлері аз қамтылған отбасыны көмірмен қамтамасыз етті. Тәртіп сақшылары үйдің ауласына 3 тонна қатты отын түсіріп берді.b856e96f-cd2a-41f7-ae5e-7648a3e49583Қала тұрғыны Нұржамал Қашақова 3 немересін тәрбиелеп отыр. Биыл оның күйеуі қайтыс болды, осыған байланысты ол тұрмыстық қиындықтарға тап болды. Өте ауыр жағдайға душарласқан әйел жергілікті мектепке жүгініп, көмек сұраған. Осыдан кейін оқу орнының өкілдері полиция қызметкерлеріне жүгінген.93032f67-6b27-4d04-9a91-201ddfad85d7Осы жағдайды талқылай отырып, тәртіп сақшылары жалпы жиналыста мұқтаж отбасыға материалдық көмек көрсету шешімін қабылдады. Полиция қызметкерлері қамкөңіл ананың үйінің ауласына үш тонна көмір түсіріп берді. Әйел кісі тәртіп сақшыларына көрсеткен қамқорлығы үшін алғыс айтты.
"ІІМ басшылығына, біздің полицейлерге көрсеткен көмегі үшін, өтінішіме немқұрайлы қарамағаны үшін зор алғысымды білдіремін, – дейді Нұржамал Қашақова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓