Кісі қолынан қаза тапқан
Әулиекөл ауданында із-түссіз жоғалып кеткен ер адам өлі табылды. Ол ауылдасының қолынан қаза тапқан болуы мүмкін. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды..Лесной ауылының тұрғыны осы жылдың 27 шілдесі күні полицияға ұлының із-түссіз жоғалып кеткенін хабарлаған. 1,5 айға жалғасқан іздеу шаралары нәтижесінде оның мүрдесі Лесной ауылынан 6 шақырым жердегі сайдан табылды.
«44 жастағы марқұмды өлтірді деген күдікпен Лесной ауылының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұрын істі болған. Қазір ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлімі) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.