Сот үкімі жарияланды

Бүгін Қостанай облысының ІІД-нің акт залында ІІД басқармасы басшыларының, жеке құрам мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бойынша бұрынғы полиция қызметкерлері Б.Молдакан мен И.Молдашевқа қатысты сот үкімін шығарды.

сот

Іс материалдары бойынша, полиция қызметкерлері Б.Молдақан И.Молдашевпен алдын ала сөз байласып, қылмыстың ашылу көрсеткішін жасанды жақсарту мақсатымен заңсыз атыс қаруы – шолақ мылтықты сақтаған. Өткен жылдың 25 тамызында Молдакан мен Молдашев Рудный қаласының Корчагин көшесінің бойындағы тұрғын үйге келіп, Д. және К.-ні кездестіреді. Олардың есірткіге тәуелді екендерін білетін Молдакан оларды болмаған қылмысты, яғни өздеріндегі атыс қаруын заңсыз сақтағандарын мойындауға үгіттей бастайды. Есесіне тәртіп сақшылары ақша және есірткі түріндегі сыйақы ұсынады. Қылмыстық жауапкершіліктен қорыққан К. бас тартады, ал азамат Д. келіскен. Сол жерде Молдакан мен Молдашев жедел-іздеу шаралары барысында  Д.-ның заңсыз атыс құралын, нақты, шолақ мылтық сақтағанын анықтағандары туралы жалған баянат толтырады. Сот үкімімен Б.Молдаканға заңсыз атыс қаруын, есірткі затын сақтауда, айғақтарды бұрмалауда, қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалануда айыпты деп танылып, 10 жылға қатаң тәртіптегі түзету колониясына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. И.Молдашев заңсыз есірткі затын сақтауда жәрдем берушілікте,  айғақтарды бұрмалауда және  қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалануда айыпты деп танылып, оған 3 жыл 3 айға жалпы тәртіптегі түзету колониясына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Қарлығаш МАРАТҚЫЗЫ
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓