Балалар жазған ертегі

Қостанай ауданының Майкөл ауылы кітапханасы жаңа әрі қызықты жинақпен толықты. Ерекшелігі – «Ертегілер» кітабын оқушылар құрастырып шығарған. 
Антонина Алышева, Аружан Сейден, Анастасия Чебыкина, Полина Маскевич, Кирилл Рооде, Сергей Уинтер, Дарья Гудкова, Лида Статные сияқты оқушылар өздерін жазушы ретінде сынап көрді. Олардың идеясына кітапханашы Елена Рооде қолдау білдірді.c13177f3-9ee1-4483-a5c1-6d2333ffc343«Балалар қорын толықтырған жаңа кітапта жақсылық, жануарлар әлемі, табиғатқа деген махаббат туралы ертігелер бар. Жас оқырмандарға, кітаптың дизайнына көмектескені үшін Максимчук Марияға алғыс айтқым келеді. Жаңа жинақ оқырмандарын күтуде!», – дейді Е.Рооде.a565b43b-e656-494e-bab8-351111ddce08Майкөл ауылындағы кітапхана – жергілікті тұрғындардың жиі бас қосатын орны. Мұнда 2018 жылы коворкинг орталығы ашылған. Коммуникативтік алаңға жастар жағы көбіне емхиханға дайындалуға, интернеттен ақпарат іздеуге барса, үлкендер шахмат, дойбы ойнауға, газет-журнал оқуға жиналады. Кітап оқуға құштар тұрақты оқырмандар да бар. Ал, қолөнермен айналысам деушілерге арнайы бұрыш ашылған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓