Білім саласында біткен іс көп

Қостанай облысында білім беру саласын дамыту бағытында осы жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Оны аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен өткен отырыста облыстық Білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова баяндап берді.e1ea41e9-bed3-4696-a314-75f078639148
Биыл білім беру саласының өңірдегі басты жаңалығы – Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында 1,1 млрд теңгеге және Қостанай қаласының «Юбилейный» шағын ауданында 3,1 млрд теңгеге 1200 орындық 2 заманауи мектеп пайдалануға берілді. Қазір Қарасу ауылында 1,3 млрд теңге сомасына 320 орындық мектептің құрылысы басталды. Келесі жылы Қарабалық ауылында да 320 орынға арналған мектеп салынады.Оған 1,2 млрд теңге жұмсалмақ. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде де жаңалық жоқ емес.
"Биыл Қостанай автомобиль көлігі колледжінің жанынан құны 1,3 млрд теңге болатын 500 орындық, Қостанай жоғары медициналық колледжінің жанынан құны 700 млн теңге болатын 250 орындық екі жатақхананың құрылысы басталды. 2021 жылы Қостанай жоғары политехникалық колледжі жанынан құны 1,4 млрд теңге болатын 500 орынға арналған жатақхананың іргесі қаланады", – дейді З.Байменова.b6646997-1bd0-45aa-a5d4-c2f63ee2fb10
Осы жылы 133 білім беру нысанын жөндеу үшін 11,2 млрд теңге жұмсалды. Бұл – мұндай мақсатқа бұрын-соңды бөлінбеген қаржы. Аталған соманың ішінде 7,3 млрд теңге "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы шеңберінде 36 объектіні жөндеу үшін бөлініпті. Бұл жұмыстар жалғасын таба береді. "2021 жылы облыстық бюджеттің 1,8 млрд теңге қаражатына 5 жоба іске асырылмақ. Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде Қостанай ауданының Алтынсарин орта мектебіне 385 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.  559 млн теңгеге 11 өңірде 13 білім беру ұйымы ағымдық жөндеуден өтеді", – деп толықтырды басқарма басшысы.
Мұғалімнің беделін көтеру – қазіргі күннің маңызды мәселелері қатарында. Басқарма басшысының баяндамасы бұл бағытта барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын көрсетеді. Мәселен, «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру басталғаннан бері облыс мектептеріне 4 мыңға жуық маман келген. 3,5 мың педагогқа 463,3 млн теңге сомасында көтерме жәрдемақы төленіпті. 4 млрд теңгеге жуықтайтын қаржыға тұрғын үй сатып алу үшін 1500-ден астам несие берілген. Сондай-ақ, тек 2020 жылдың өзінде осы бағдарлама шеңберінде 280 маманға әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 191 маманға 52,8 млн теңге көтерме жәрдемақы, 115 маман тұрғын үй сатып алу үшін 452,1 млн теңге бюджеттік несие алған. с дипломомМемлекеттің келесі қадамы – 20 мыңнан астам қостанайлық педагогтың мүдделерін қорғайтын «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын қабылдау. Оны іске асыру үшін облыста 14 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. 
Келер жылға еншіленіп отырған жоспар аз емес. Солардың бірі парасы – заманауи жабдық сатып алу. 2021 жылы инженерлік іс, бағдарламалау, 3Д модельдеу, робототехника бағыттарын қамтитын 5 заманауи STEM зертханасын сатып алу үшін 61,2 млн теңге қаражат бөлінді.  Сондай-ақ НЗМ стандарттары бойынша 21 оқу кабинетін сатып алуға 182,9 млн теңге қарастырылған. 
Облыста шағын жинақты 325 мектеп оқушылары тасымалмен оқуға мәжбүр. Бүгінде 2,5 мыңнан астам баланың мұндай мәселесі шешілген. Алайда, әлі де өзекті. Автокөлік паркін жаңарту және толықтыру үшін үш жылдық жоспар әзірленді, оның шеңберінде биыл 186 млн теңгеге 13 мектеп автобусы сатып алынды. 2021 жылы 242 млн теңгеден астам сомаға тағы 12 автобус сатып алу жоспарланып отыр.0350423c-95e7-44c8-8c08-6e065986d499
"Осы жылы біткен істердің бірі – мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа 187 млн теңге жұмсалып, мәселе 100% – ға шешілді. Сонымен қатар 78 млн теңгеге жылы санитарлық тораптарды орнату жұмыстары да толық аяқталды. Оқушылар жиһазын жаңарту және мектептерді спорттық жабдықтармен жарақтандыру бойынша үш жылдық жоспарды іске асыру басталды. Осы мақсаттарға 2021 жылға  сомасын қоса есептегенде 564 млн теңге бөлініп  отыр. Жалпы, 2021 жылы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жөндеуге және нығайтуға 5,6 млрд теңге бағытталатын болады", – деп егжей-тегжейін айтты басқарма басшысы.unnamed
Арнайы білім беру мәселесі де ерекше назарда. Тұңғыш Президент қорының бастамасымен Тәуелсіздік күні қарсаңында Рудный қаласында (8 бала) және Қарасу ауданында (8 бала) 2 инклюзияны қолдау кабинеті ашылд. Арқалық және Рудный қалаларында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің құрылымдық бөлімшелері жұмысын бастады. 2021-2023 жылдары балабақшаларды салу және қайта құру бойынша 7 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, бұл қосымша 1681 орынның пайда болуына және 350-ден астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік бермек.Без названия (1)
2020 жылы «Жас маман» жобасын іске  асыру шеңберінде 3 колледждің оқу-өндірістік базасы жаңартылды. 2021 жылы облыстың 7 колледжін жөндеу жоспарланып отыр. Бұған республикалық бюджеттен шамамен 3 млрд теңге бөлінген. Мұның сыртында, Болашақ «КамАЗ» зауыттары үшін білікті мамандарды даярлау қолға алынды. Биылғы оқу жылында мемлекеттік тапсырыс аясында студенттер 6 жаңа мамандық бойынша оқуды бастады. Болашақ мамандарды жаңа зертханалар мен шеберханаларда шыңдау үшін жабдықтар сатып алуға 2021 жылы жергілікті бюджеттен 475 млн теңге қарастырылған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓