Қырағы құрылғылармен қамтылады
Қарабалық ауданы билігінің ақпаратынша, жаңа бейнебақылау құрылғыларын алуға аудан бюджетінен 1 млн 960 мың теңге шығындалған. Камералар құны қымбат, бағасына сай сапалы, шалғайдан шолуға, алыстағы нысанды анық көрсетуге қабілетті. Бұлар, мәселен, көшелердегі тәртіп бұзушылықты әшкерелеуге немесе жол ережесін бұзған жүргізуші көлігінің мемлекеттік нөмірін айқын түсіріп алуға септігі көп тиеді деп күтілуде. Аудан орталығы әкімінің мәліметінше, бейнебақылау құрылғары Қарабалықтың әртүрлі бөліктерінде – Сыған көпірі ауданына, "Ковчег" СҮ, автовокзал маңына және ауылдан шыға беріске орнатылады.