Тимур Садықов: Жұмыс жалғаса бермек

«Біздің басты мақсатымыз – әр азаматтың өмір сүру сапасын жақсарту. Партия бағдарламасы бойынша қосымша жұмыс орындары ашылады. Біздің бұл бағыттағы жұмысымыз осыған дейін де жүргізілген, сайлаудан кейін де жалғаса бермек», – деп кандидат әуелі партия бағдарламасын таныстырып өтті.
Бұдан соң Т.Садықов «Nur Otan» партиясының бастамасымен, пандемияға байланысты тұрғындарға берілген әлеуметтік көмектер турасында сөз етті.

«Партия ешкімнің жынысына, жасына, ұлтына шектеу қоймайды. Сондықтан, елдің дамуына үлес қосамыз десеңіздер, қатарымызға қосылыңыздар», – деді Т.Садықов.
Тікелей эфир қорытындысында кандидат барша жұртшылықты «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Тікелей эфир қорытындысында кандидат барша жұртшылықты «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Қостанай қалалық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді.