Сабыр Молдағалиев: Әлеуметтік сала біздің назардан тыс қалған емес
Бүгін "Nur Otan" партиясынан Қостанай қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Сабыр Дулатұлы Молдағалиев барлық санитарлық ережелерді сақтай отырып, КСК шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

– Қостанай қаласында аурухана салу, инфекциялық стационарларды өкпені жасанды желдету аппараттарымен, оттегі құрылғыларымен, концентраторлармен, дәрілік препараттармен және қажетті медициналық жабдықтармен толыққанды қамтамасыз етуге біз, нұротандықтар үлес қосамыз, – деді кандидат.