Ерлі-зайыпты дәрігерлер орталық ашты

Арқалықтағы «Айша» сауда үйі кешенінің төменгі қабатынан «Жақсылық» атты оңалту орталығы ашылды. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы арқылы іске қосылған жаңа орталықтың ашылуына қала әкімі Қ.Әбішев қатысты.02Оңалту орталығы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін және басқа да неврологиялық, ортопедиялық науқастарға арналған заманауи жаттығу құрылғыларымен, сондай – ақ көптеген озық үлгідегі медициналық аппараттармен қамтылған. 01 – Бұл орталықты ашудағы мақсатымыз –Арқалықта медицина саласын дамыту. Тірек-қимыл жүйелері бұзылған балалардың өзге қалаларға барып ем алу жолдарын іздеп, жол жүру қиындықтарын болдырмас үшін осындай қарекет жасап жатырмыз. Сонымен қатар, бұл орталықта өзге де жарақат алған науқастар, белі ауыратын, буындары ауыратын адамдар және көптеген неврологиялық, ортопедиялық, травмотологиялық, хирургиялық науқастар оңалту емін алатын болады, – дейді орталық басшысы, балалар хирургі Арман Жақсылық. 03Арман жұбайы, дәрігер Меруерт Құлсерікова екеуі ойға алған істерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік бағдарлама конкурстарына қатысып, нәтижесінде 5 млн теңге қаражат ұтып алған. Жас отбасы оған өз жандарынан 3 млн теңге қаржы қосып, бас-аяғы 8 млн теңгеге қажетті құрал-жабдықтарын сатып алған.
Бұл – әзірге қаладағы баламасы жоқ жалғыз орталық.

You may also like...

1 Response

  1. Қолқоюсыз айтты:

    Құтты болсын! Игілікті іске сәттілік

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓