Сергей Колесниченко: 700-ден астам жеке тұрғын үй салынады
Жаңа жыл қарсаңында "Nur Otan" партиясының кандидаттары үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жалғастыруда.
Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Сергей Геннадьевич Колесниченко Әуежай жаңа шағын ауданында тұрғындармен кездесу өткізді.
– "Nur Otan" партиясы отбасы институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғын үй алу үшін мүмкіндіктер жасау жөнінде шаралар кешенін қолдануды қажет деп санайды. Бүгінде тұрғын үй алу кезегінде 12 мың адам тұр, – деп атап өтті Сергей Геннадьевич.

Кандидаттың айтуынша, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында 764 жеке тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл шаралар қаланың 90 мыңнан астам тұрғынын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Nur Otan» партиясы Қостанай қалалық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді.