Жарқын бейнесі жадымызда
83 жасқа қараған шағында Қостанай обысының Құрметті азаматы, мемлекеттік қызмет ардагері Ризван Мағзұмұлы Мұртазин қайтыс болды.

Ризван Мағзұмұлы 1938 жылы 20 мамырда Жітіқара қаласында туған. Челябі Ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институтын бітіргеннен кейін туған қаласына оралды.
Совхоздар тресінің инженері, бас инженері болып жұмыс істеді.
Қоғамдық негізде «Знание» аудандық ұйымы басқарма төрағасының орынбасары және «Комсомольский прожектор» аудандық штабы басшысының орынбасары міндеттерін атқарды, «Прогресс» совхозының директоры болып жұмыс істеді.
Ризван Мұртазин 1982-1990 жылдар бойы Жітіқара ауданымен басқарды. Оның басшылық ету кезеңінде 10 жыл ішінде «Советская Россия» кеңшары салынып, онда тұрғын үйлер, 2 қабатты мектеп тұрғызылды, көшелер асфальтталды.
Одан кейін Ризван Мағзұмұлы қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. Облыстық партия комитетінің мүшесі, облыстық Кеңес депутаты болып сайланды.
1992 жылдың наурыз айынан бастап ол қайтадан аудан әкімшілігінің басшысы болды, онда Ризван Мұртазинның жетістіктердің бірі ауылдарды газдандыру болды. Жақын маңда өтетін Бұхара – Орал магистральды газ құбырына қосылу мүмкіндігінің арқасында Забелов, Тургенов, Тоқтаров ауылдарына газ құбырлары салынды.
Ризван Мұртазин шаруашылық құрылыс мәселелерімен қатар әлеуметтік салаға – мектептерге, мәдениет мекемелеріне, спортты дамытуға үнемі көңіл бөлді. Сондай-ақ халық шаруашылығының, мәдениеттің және халықтың денсаулығын қорғаудың барлық салаларын реформалауды жүзеге асырды.
Құрметті демалыста жүрген кезінде ол қоғамдық қызметпен белсенді айналысады, Жітіқара ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшесі болды.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қостанай облысына 80 жыл» медалдармен, бірнеше рет облыс және аудан әкімінің грамоталарымен мараппатталған.
Ризван Мағзұмұлы туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде сақталады.
Ризван Мағзұмұлының туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.
А.Б. Мұхамбетов, С.Е. Ещанов, Ғ.Т. Нұрмұхамбетов, В.Н. Ионенко, Е.М. Спанов, Е.Х. Қойшыбаев, Б.А. Есімова, А.Т. Әбенов А.С. Ибраев, Қ.Х. Испергенов, Б.М. Ахметов, К.Ү. Үкин, Т.Қ. Қадамбаев, Б.Б. Баймағамбетова, Е.С. Нұрхожаев, З.М. Асадуллин, М.Р. Айтқожинов, А.Б. Испергенов, Н.М. Алашбаев