Сақтандыру мәртебесін анықтадыңыз ба?
Өңірлік коммуникациялар қызметінде "Қостанай облысында бірінші жылдың МӘМС жүйесін жүзеге асырудың алдын ала нәтижелері" тақырыбында онлайн брифинг өтті. Оған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Сәуле Аймұхамбетова қатысты. Оның айтуынша, жыл басынан бері Қостанай облысы көлемінде МӘМС-ға түскен түсімдер көлемі 351 554 адам үшін 9 млрд 484 млн теңгені құраған. Мемлекет 15 жеңілдік санатындағы 400 мыңнан астам адамға жарна төлейді. Бүгінгі таңда сақтандырылған азаматтардың саны – 682 426 адам.
-Статистика бойынша сақтандырылмағандардың 57% -ы – белгілі бір қызмет түрімен айналысатын адамдар – жұмыс істейтіндер, жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, бірақ төлемдердің тұрақты болмауының салдарынан олардың мәртебесі "сақтандырылмаған". Өңірдің әрбір тұрғынына fms.kz сайтынан өз мәртебесін тексеруге кеңес береміз. Qoldau 24/7 мобильді қосымшасында немесе Қордың байланыс орталығына 1406 нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз, – деп атап өтті Сәуле Төленқызы.

Сондай-ақ, филиал директоры жарналарды төлеу рұқсаттамалары болған жағдайда оларды төлеу қажет екендігі атап өтті, өйткені жаңа жылдың басынан бастап берешек жойылмайды, ол әрбір төлеушіде соңғы 12 ай бойына сақталады.
Әсел ҚИБАШ