Зорлық-зомбылыққа жол жоқ
2020 жылдан бастап, Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөліміне тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға республикалық бюджеттен нысаналы трасферттер бөлінеді.Бұл ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №1079 бұйрығымен бекітілген "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын" іске асыру шеңберінде орындалмақ.
Биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кемінде 18 құрбанына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін республикалық бюджеттен 2924,3 млн теңге, облыстық бюджеттен 8700,6 млн теңге бөлінді. Өткізілген мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша 2020 жылғы 4 ақпанда «Катализатор прогресса» жеке қорымен жалпы сомасы 11 624,9 млн теңгеге шарт жасалды.
Дағдарыс орталығына қызмет алушыларды, оның ішінде жеке құжаттары жоқ азаматтарды тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары деп таныған жағдайда қабылдайды. Дағдарыс орталықтары тәулік бойы жұмыс істейді және Қазақстан азаматтарына, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға баспанаға және реинтеграциялық көмекке қайта бағыттаудан бастап, қажеттіліктерді қамтамасыз етеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының болу кезеңі 30 күнге дейін, қажет болған жағдайда 6 айға дейін, өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мерзім ұзартылуы мүмкін.
Орталықтың негізгі міндеті – зардап шеккен клиенттерін қолайлы өмір сүру жағдайымен, тамақпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық, психологиялық, әлеуметтік, заңдық және басқа да көмекті ұсыну, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мұнда өз-өзіне қызмет көрсету (кір жуу, киім үтіктеу, ыдыс жуу, үй-жайды жинау) және санитарлық-гигиеналық күтіну үшін жағдайлар жасалған. Бөлмелер қажетті жиһазбен жабдықталған. Қызмет алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау және өрт дабылы орнатылған. Сенім телефоны –87763947788.
«Катализатор прогресса» ЖҚ Қостанай облысының Полиция департаментімен ынтымақтасады. Сондықтан биыл ақпараттық-насихат материалдары бірлесіп әзірленді және таратылды. Қор мамандары Қостанай облысының ПД-не түскен әрбір қызметті алушы туралы хабарлайды.
Ақпараттық жария ету мақсатында, Қостанай қаласындағы Чехов-Әл-Фараби көшелері қиылысында баннер орналастырылған, «Алау» телеарнасында жүгіртпе жол арқылы жарнамалық хабарландыру, «Алау», «Астана» телеарналарында Дағдарыс орталығының жұмысы туралы сюжет көрсетілді. Сондай-ақ, Instagram әлеуметтік желісінде парақша бар (сілтеме https://instagram.com/katalizator_progressa?igshid=193akrqqq96rb).
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтарын қорғау үшін «Катализатор прогресса» жеке қоры Қостанай облысының полиция департаментімен Меморандум жасасты.
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» ауқымды республикалық алдын алу акциясы шеңберінде ЖҚ Қостанай облысының әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өкілдерінің, қала әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі өкілдерінің, прокуратура, полиция департаменті, білім басқармасы өкілдерінің, сондай-ақ «Катализатор прогресса» жеке қоры өкілдерінің қатысуымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және оның құрбандарына көмек көрсету: үйлестіруші құрылымдардың рөлі мен міндеттері» атты дөңгелек үстел жұмысын ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысы барысында «Катализатор прогресса» жеке қоры Қостанай облысындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын анықтау және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, оларға көмек көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті, сондай-ақ полиция департаментінің аға инспекторы Жұлдыз Кабенова полиция департаментінің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету бағытындағы қызметі туралы айтып берді.
Қостанай қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі Жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, қызмет алушылармен әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналастыру, мамандық алу, сондай-ақ қайта мамандандыру жосықтарын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» мемлекеттік әлеуметтік қызметі шеңберінде ТЗЗ 34 құрбаны, оның ішенде 13 әйел, 21 бала арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылды.. Қазіргі уақытта орталықта 22 адам қызмет алуда, оның 9-ы – әйел, 13-і – бала. Мұнда 8 бағыт бойынша – әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық,әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-еңбек тұрғысында көмек көрсетіледі.
Бүгінге дейін 2 отбасының қарым-қатынасы қалпына келтірілген. Орталыққа 3 баласы бар 1 әйел қайта оралыпты. Жұмысқа орналасуға 4 әйелге, құжаттарын қалпына келтіруге 1 әйелге көмек көрсетілді. Тағы бір әйел мен баланы тіркеуге көмек көрсетілді. 3 бала мектепке дейінгі мекемелерге орналастырылды. 10 қызмет алушы медициналық ұйымдарға тіркелген. Ажырасу процесі, сондай-ақ алимент өндіріп алу бойынша сотта 2 әйелдің шағымы қаралды. 1 әйелге мұраны қабылдау бойынша заңгерлік көмек көрсетілген.