“Халық алғысын” 25 полицей иеленді

Қостанай облысының Полиция департаментінде Тәуелсіздік күні қарсаңында коронавируспен күрескені үшін 25 қостанайлық полицей  "Халық алғысы" медалімен марапатталды.84e0d6cf-8a41-4fed-b08c-b77b63c4fb5fБұл іс-шара Департаменттің мұражайында, барлық санитарлық нормалар сақтала отырып ұйымдастырылды.
Облыс ПД бастығы полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетов жеке құрамды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бұл өз елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімімен біріктірілген және Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын барлық қазақстандықтар үшін басты мереке екенін атап өтті. 594d8d15-a9ac-41bd-9cf6-9d84fd4f8936"Біздің тарихымыздың жиырма тоғыз жылы Тәуелсіз Қазақстанның қарқынды әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын оның негізін қалаушы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығымен көрсетті. Осы жылдар ішінде қиын жол – жас тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу жолы өтті. Біздің елде планетаға елеулі қауіп төндіретін пандемиямен күрес әлі де жалғасуда. Қазіргі жағдайда полиция қызметкерлері медицина қызметкерлерімен бірге алдыңғы қатарда. Қазір біздің жұмысымызға азаматтарымыздың қауіпсіздігі ғана емес, олардың денсаулығы мен амандығы да байланысты, – деп атап өтті облыстың бас полицейі.
Ұлттық мереке құрметіне Департамент басшылығы отставкадағы подполковник Батырбек Нурекинге "ҚР ІІО ардагері" медалін табыстады. Ардагер Ішкі істер органдарында 32 жылдан астам қызмет етті, 2005 жылы Арқалық қаласы ІІБ бөлім бастығы қызметінен құрметті демалысқа шықты.9c1439d1-428d-4bf2-a5c3-8a676cad87d2Пандемиямен күрестегі жемісті еңбегі үшін Президент Жарлығымен өңірдегі 25 полицей "Халық алғысы" медалімен марапатталды. Олардың арасында Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полковник Андрей Григоревский, облыстық ПД штаб бөлімінің бастығы подполковник Абылай Мекебаев, учаскелік майор Ерік Ваисов және Қостанай қаласы ПБ аға инспекторы капитан Карина Базарбаева бар.fdb5ada3-56be-44dd-831e-d47ce4126b33Полковник Андрей Григоревский облыста коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі жедел штабты басқарды. Абылай Мекебаев карантин кезінде облыстағы ахуалдық штабты басқарды. Олардың басшылығымен тәулік бойы санитарлық және блок-бекеттер жұмыс істеді. Тәртіп сақшылары атап өткендей, бекеттер жұмысының барлық уақытында азаматтардан бұзушылықтар мен шағымдар болған жоқ. Полиция подполковнигі А.Мекебаев "жедел желіге" тек облыстан ғана емес, басқа өңірлерден де 10 мыңнан астам қоңырау келіп түскенін атап өтті. Барлық толғандырған сұрақтарға полиция қызметкерлері түсініктеме берді.6078f2bf-d6f3-43cc-aec1-88e4a6f6b5ccҚызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ішкі істер министрінің бұйрығымен 50-ден астам қостанайлық полицей марапатталды. Олардың арасында "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен ПД тылдық қамтамасыз ету бастығы подполковник Руслан Сәрсенбаев және Қостанай қаласы полиция басқармасының учаскелік майоры Асхат Жақсымбеков бар.
Сондай-ақ мұражайда Тәуелсіздік күніне арналған арнайы көрме ұсынылған, онда Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының маңызды кезеңдерімен танысуға болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓